Бізге жазылыңыз:

Мемлекет «Рахат» кәмпиттерінің экспортына 3 млрд теңге бөледі

Мемлекет «Рахат» кәмпиттерінің экспортына 3 млрд теңге бөледі
Несие револьверлік тәсіл арқылы рәсімделіп отыр. Несиенің шекті сомасы — 3 млрд теңге. Компания бұл сомадан қажетіне қарай несие алып, оны қайтарған соң лимит шегінен аспайтын мөлшерде қайта несие рәсімдей алады.

Бұл қаржыны «ЛОТТЕ Рахат» компаниясы шоколад, бәліш, кәмпит және басқа да кондитерлік өнімдерін өндіріп, экспорттау шығындарын өтеуге жұмсау керек.

Премьер-министр Олжас Бектенов маусым айындағы Парламент палаталарының бірлескен отырысында мемлекет «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі арқылы бизнеске 12,6 пайызбен 8 трлн несие бөлінетінін айтқан еді.

Ұқсас материалдар