Бізге жазылыңыз:

Әмбебап банктерге исламдық банк операцияларын жүзеге асыру құқығы берілмек

Әмбебап банктерге исламдық банк операцияларын жүзеге асыру құқығы берілмек
Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында банк қызметі туралы заң жобасын таныстырған Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты.Қаржыландырудың балама тетіктерін дамыту үшін әмбебап банктерге қолда бар лицензия аясында исламдық банк операцияларын жүзеге асыру құқығын беру көзделеді, - деді агенттік төрағасы.
Оның айтуынша, бұл нормалар банктерге жеке банкті құрмай, өз құрылымында арнайы бөлімшелер құру арқылы исламдық өнімдерді ұсынуға мүмкіндік береді.

- Заң жобасында исламдық қызметті ұйымдастырушылық тұрғыдан оқшаулау, активтер мен міндеттемелерді бөлек есепке алу және басқару, жеке қызметкерлерді бөлу, сондай-ақ қаржы өнімдерін бекітетін және аудит жүргізетін шариғатқа сәйкестік жөніндегі кеңестің болуы көзделген, - деді Мәдина Әбілқасымова.

Ұқсас материалдар