Ұлттық банктің ақпаратына қарағанда, FIFA WORLD CUP 2026 коллекциялық монетасы әзірленгенде немістің MDM Münzhandelsgesellschaft mbH & Co. KG Deutsche Münze (MDM) нумизматикалық компаниясы серіктес болды.
Үш елдің жалауы бейнеленген«Оның 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына арналған коллекциялық монеталарды шығаруға FIFA берген ресми лицензиясы бар. Бұл – футбол тарихындағы ХХІІІ чемпионат және алғаш рет үш елде қатар өтеді. Оның үстіне, ақтық ойындарға қатысатын ұлттық құрамалардың саны 48-ге дейін ұлғайтылып отыр», – делінген ақпаратта.
Монета реверсінің жоғарғы бөлігінде финалдық ойындарды қабылдайтынКанада, АҚШ және Мексика елдерінің жалауы бейнеленген. Ортасында жер шары континенттері мен «FIFA WORLD CUP 26 TM» деген жазу бар. Төменгі бөлігінде FIFA-ның Әлем кубогы бейнеленген. Ал футбол добы кескінделген композицияның екі жағында футболшылардың бейнесінкөруге болады.
Күмістен жасалып, алтын жалатылғанМонета 925 сынамалы күмістендайындалған. Түрлі түсті баспа технологиясы қолданылған монетағаалтын жалатылған. Монета массасы – 20 грамм, диаметрі – 37 мм, дайындау сапасы – рrооf, номиналы – 1000 теңгелік, жалпы таралымы – 2000 (екі мың) дана. 1 500 данасы – Қазақстанның ішкі нарығына, сыртқы нарыққа (жобаның серіктесі – MDM нумизматикалық компаниясы) – 500 дана таралады.
Монета бейнесіМонеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сайтөлемдердің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударуға, ұсақталуға жәнеайырбасталуға жатады.
Монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.





