— Туристер мен жергілікті тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытында ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Қайта жаңғыртылған теміржол вокзалы мен Қорқыт ата әуежайына үш тілде ақпарат беретін виртуалды карталар мен QR кодтар орнатылды. Сондай-ақ заманауи музей ашылып, демалыс парктері жаңартылды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін халық көп шоғырланатын орындарға 102 және SOS дабыл батырмалары қойылды. Туристік инфрақұрылымды дамытуда бес, үш жұлдызды қонақүйлер салынып, аудандардағы теміржол вокзалдары жаңғыртылып жатыр. Туристендіру картасына енген 13 нысанда нақты іс-шаралар қолға алынды. Жергілікті бюджет есебінен Жосалы кентінен Марал баба кесенесіне дейінгі 6,5 шақырым жол жөнделді. Байқоңырдағы зымыран ұшырылымын көрушілерге арналған 400 орындық заманауи киіз үй форматындағы бақылау пункті ашылды, — делінген хабарламада.
Орталық Азиядағы алғашқы GeoparkAral жобасы Қызылорда облысының Арал ауданында пайда болды. Оны құрудағы мақсат — табиғи және геологиялық мұраны сақтау, тұрақты дамуды қамтамасыз ету, геотуризмді дамыту.





