Бізге жазылыңыз:

Қытай маркетплейстерінде қазақстандық өнімге сұраныс артып келеді

Қытай маркетплейстерінде қазақстандық өнімге сұраныс артып келеді

Қазақстан халықаралық онлайн-алаңдарда өз өнімдерін белсенді түрде ілгерілетіп жатыр. Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, отандық тауарлар Азиядағы ең ірі B2C платформаларының бірі — JD.com арқылы экспортталуда.

Қазіргі уақытта JD.com платформасында Қазақстанның 14 кәсіпорнының өнімдері ұсынылған.
Қытай тұтынушылары арасында ең көп сұранысқа ие тауарлар — қазақстандық тәттілер, өсімдік майы және ұн. 2024 жылы бұл өнімдерден түскен кіріс шамамен 1,4 млн юаньды құрады.

QazTrade орталығының мәліметіне сәйкес, қазір Еуропа елдері мен БАӘ қосымшаларымен де жұмыс жүргізіліп жатыр.

Ұқсас материалдар