Бізге жазылыңыз:

Үкіметтің арнайы келісімдер жобасына кәсіпорындар неліктен қызығушылық танытпайды

Үкіметтің арнайы келісімдер жобасына кәсіпорындар неліктен қызығушылық танытпайды

Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінен мәлім етті.

Айта кетейік, жыл басында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев келешегі зор әрбір орта кәсіпорынның жұмыс жоспарын әзірлеуді тапсырған еді. 

Ірі өнеркәсіп жобаларын іске қосу жұмыстары баяу жүріп жатыр. Мұны активтерді қазынаға қайтару ісімен қатар жүргізу қажет. Мен бұл жөнінде ірі бизнес өкілдерімен кездесулерде айтқанмын. Қазақстанда орта буынға жататын көшбасшы компаниялар шоғырын қалыптастыру міндеті әлі де өзекті. Үкімет биылғы маусым айының соңына дейін келешегі зор әрбір орта кәсіпорынның жұмыс жоспарын әзірлеуге тиіс, - деген еді Мемлекет басшысы.

Осы мәселеге орай Ұлттық экономика министрлігіне сауал жолдаған едік. Ведомствоның атап өтуінше, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өндірісті 2-3 есеге ұлғайтуға бағытталған нақты жоспарды (арнайы келісімді) әрбір табысты жұмыс істеп тұрған орта кәсіпорынға қатысты әзірлеу аясында Үкімет кешенді жұмыс жүргізген. Осы жұмыс аясында бұрын мақұлданған өлшемшарттарға сәйкес келетін (орта кәсіпкерлік субъектісі, өнім өндіру және/немесе қайта өңдеу саласына тиесілілігі, төленген салықтар, табыс және еңбекақы қорының өсуі) орта бизнестің 360 кәсіпорны алдын ала іріктеп алынған.

Іріктелген компаниялармен өндірісті кеңейту, кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жаңа нарықтарға шығуын қамтамасыз етуге бағытталған даму стратегияларын айқындау мақсатында жергілікті атқарушы органдар мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палаталарының алаңдарында бірқатар сессия өткізілді. Бұл өз кезегінде өндіріс көлемін 2-3 есеге ұлғайтуға алғышарт бола алады. Алайда, өткізілген талқылаулардың қорытындысы бойынша кәсіпорындар тарапынан арнайы келісімдер жобаларына қатысуға жоғары қызығушылық байқалмады. Бұл жағдай мемлекеттік қолдау шаралары аясында кепілдендірілген қаржыландыру мен өткізу нарықтарының болмауымен байланысты, 

- деді министрліктен.

Ұқсас материалдар