ЖАҢАЛЫҚТАР
Үкімет жеңілдетілген салық режимімен жұмыс істейтін кәсіпкерлер тізімін жариялады
1. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің Қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс, - деп жазылған құжат мәтінінде.
Тізбедегі 40 түрлі қызметтің ішінде мал шаруашылығына ықпал ететін қызмет түрі, музыкалық аспаптар өндірісі, ағаш ұсталығы, желілік маркетинг арқылы бөлшек сауда жүргізу, баспана арендасы, ауызша және жазбаша аударма, ветеринариялық қызмет, тапсырыспен дайын тамақ жеткізу, пошта және курьер қызметі сияқты кәсіпкерлік түрлері бар.





