ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жылы салық берешегі 86 500 теңгеден асқандарға ғана өсімпұл есептеледі

Ал салық берешегі 45 АЕК-тен асса, жоғарыда аталған шаралардан бөлек мүлкін тәркілеу, оны сату, дебиторлармен жұмыс істеу, ең аяғында банкрот деп тануға дейінгі жазалар қолданылады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында салық берешегі барлардың банктегі есепшотын толық бұғаттамауды тапсырған болатын.
- Берешек сомасы тым көп болған жағдайда, кепілге мүлік қоюды талап етпей, қарызды бөліп төлеуге мүмкіндік берген жөн. Жоспарға сай тексеру тәсілінен біржола бас тартуға тырысу керек, - деген еді Президент.