
2025 жылдың алғашқы жартысында 5 жасқа толған балалардың атына ашылған AQYL білім беру депозитіне мемлекеттен 60 АЕК (235 920 теңге) мөлшерінде бастапқы капитал аударылады.
AQYL депозитін Отбасы банк арқылы 5 тәсілмен ашуға болады:
-
baspana.market порталы арқылы
-
Мобильді қосымшада
-
Банк бөлімшесінде
-
Агент-консультант арқылы
-
hcsbk.kz сайтында видеоқоңырау арқылы
Депозит бұрын ашылған болса, 15 мамыр мен 30 маусым аралығында қосымша келісімге қол қою қажет.
Капитал сақталуы үшін ата-аналар жыл сайын кемінде 94 368 теңге (24 АЕК) көлемінде жарна аударуы тиіс. Талап орындалмаса, мемлекеттік қаржы бюджетке қайтарылады.