Бізге жазылыңыз:

Қазақстандықтарға жылу үшін төленген 1,6 млрд теңге қайтарылмақ

Қазақстандықтарға жылу үшін төленген 1,6 млрд теңге қайтарылмақ
Бұл жұмыс табиғи монополиялар субъектілерін сыртқы ауаның нақты температурасына байланысты жылу есептеулерін түзетуге міндеттейтін заңнамаға сәйкес жүргізілді.

Қайта есептеу қорытындысы бойынша азаматтарға 1 554,7 млн теңгеден астам (ҚҚС есебімен) қайтарылатын болады. Қаражат дербес шоттарда жеке жолмен — 2024-2025 жылдардағы жаңа жылыту маусымында аванс (сальдо) түрінде не 2025 жылдың соңына дейін күнтізбелік жыл ішінде көрсетілетін болады.

Қаражатты қайтару еліміздің барлық өңірлеріне әсер етеді.

Атап айтқанда, Астанада тұтынушыларға 224,5 млн теңге, Алматыда — 74,2 млн теңге, Қарағанды облысында — 457,0 млн теңге, Шығыс Қазақстан облысында — 257,2 млн теңге, Маңғыстау облысында — 176,7 млн теңге, Қостанай облысында — 106,9 млн теңге, Солтүстік Қазақстан облысында — 74,8 млн теңге, Ақмола облысында — 44,3 млн теңге, Павлодар облысында — 34,8 млн теңге, Қызылорда облысында — 23,9 млн теңге, Ақтөбе облысында — 24,1 млн теңге, Жамбыл облысында — 21,4 млн теңге, Абай облысында — 19,9 млн теңге, Атырау облысында — 11,0 млн теңге, Батыс Қазақстан облысы — 3,4 млн теңге, Алматы облысында — 0,5 млн теңге, Түркістан облысында — 0,1 млн теңге, ал Жетісуда — 0,03 млн теңге қайтарылады.

Шымкент пен Ұлытау облысының тұтынушылары үшін есептеулерді түзету қарастырылмаған, өйткені реттелетін қызметтің құны сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып қалыптастырылған.
Айта кету керек, Астанада жылыту маусымы бойы ай сайын қайта есептеу жүргізілді, бұл температураның өзгеруін дәлірек ескеруге және тұтынылған жылудың нақты көлемін көрсетуге мүмкіндік берді.
Осылайша, жүргізілген жұмыс бүкіл ел бойынша тұтынушылар үшін тарифтердің ашықтығы мен есеп айырысудың әділдігін қамтамасыз етеді.

Ұқсас материалдар