Бізге жазылыңыз:

Қазақстандықтардың қарызы 27,5 трлн теңгеге дейін өсті

Қазақстандықтардың қарызы 27,5 трлн теңгеге дейін өсті

Қазақстан халқының несие жүктемесі артып келеді. 2026 жылдың басындағы жағдай бойынша азаматтардың қаржы ұйымдары алдындағы жиынтық берешегі 27,5 трлн теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Оның айтуынша, халықтың қарыз жүктемесін төмендету және қаржылық тұрақтылығын арттыру мәселелері 2026–2029 жылдарға арналған халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспарда қамтылған.

Вице-министрдің мәліметінше, көрсетілген сомаға жеке кәсіпкерлердің несиелері мен есептен шығарылған берешектер кірмейді. Дегенмен соңғы төлемдер бойынша есептелген сыйақылар ескерілген.

Бірінші кредиттік бюроның талдау орталығының деректеріне сәйкес, елімізде 8,95 млн қарыз алушының жалпы саны 39,4 млн несиесі бар. Осылайша, бір борышкерге орта есеппен 4,4 несиеден келеді.

Үкімет халықтың қаржылық белсенділігін арттырумен қатар, артық несие жүктемесін азайтуға бағытталған шараларды күшейтуді жоспарлап отыр.

Ұқсас материалдар