2025 жылғы 1 қарашаға дейін, мемлекеттік еңбек инспекторлары 5 306 тексеру жүргізіп, 6 571 бұзушылық анықтады. Оның ішінде:
- Еңбек саласына қатысты – 5 427 бұзушылық,
- Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша – 1 111,
- Халықты жұмыспен қамту саласында – 33 бұзушылық.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жалпы 40 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.
Елімізде жалақы бойынша қарыздар мен еңбек құқықтарының бұзылуы жиі анықталған кәсіпорындардың басшыларына 3 369 міндетті ұйғарым берілді. Сонымен қатар оларға 428,2 млн теңгеден астам айыппұлсалынған.





