Бізге жазылыңыз:

Қазақстандық кәсіпкерлер TikTok арқылы тауар сатуды үйренеді

Қазақстандық кәсіпкерлер TikTok арқылы тауар сатуды үйренеді
Оның айтуынша, «Орталық Азия — Қытай» іскерлік кеңесінің отырысында кәсіпкерлер «жасыл дәліз» мәселесі, сертификаттау және маркетплейс секілді цифрлық шешімдерді талқылаған.

— Біз бүгін микро, шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған бағдарламаларды талқыладық. Мәселен, қытайлықтар өз тауарларын қалай жарнамалап, сататынын байқаған боларсыздар, олар жай ғана «мынаны сатып алыңыз» демейді, тауардың қаншалықты функционалды, пайдалы екенін нақты көрсетіп, ұсынады. Бізде де оқыту бағдарламалары бар, олар қазір микро және шағын бизнес үшін аса өзекті. Бұл бағдарламалар TikTok платформасымен бірге жүреді, — деді Р. Баталов.
Сонымен бірге, кәсіпкерлерге маркетплейстерге шығу үйретіледі. Мысалы, «Бір ауыл — бір өнім» бағдарламасы аясында шағын және микробизнес иелеріне өнімді маркетплейс арқылы сату үйретілген.

— Бұл көптеген кедергілерді, әсіресе тиімсіз делдалдарды айналып өтуге мүмкіндік береді. Жалпы делдалдық жеке бизнес ретінде қажет деп санаймыз, бірақ олар тым көбейіп, тиімсіз болған кезде бизнестің дамуына кедергі келтіреді. Сондықтан біз ең тиімді үлгіні ұсынып отырмыз. Мен кәсіпкер ретінде өзіме ыңғайлы болатындай көзқараспен қараймын. Менің ойымша, осы бағдарламалар мен бағыттар ірі бизнеске де, шағын кәсіпке де нақты нәтиже беріп жатыр, — деді ҰКП төрағасы.
Айта кетейік, бүгін елордада «Орталық Азия — Қытай» ІІ саммиті өтті. Оған өңірдегі 5 мемлекеттің басшылары мен Қытай Халық Республикасының төрағасы қатысты.

Ұқсас материалдар