Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда жер қойнауын пайдалануға инвестициялар тартылуда

Қазақстанда жер қойнауын пайдалануға инвестициялар тартылуда

Премьер-министр Олжас Бектенов «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» аясында Президенттің тапсырмаларын орындау мақсатында геология және жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Негізгі назар 2026 жылға қарай геологиялық-геофизикалық зерттеу аумағын 2,2 млн км²-ге дейін ұлғайтуға және саланы инвестициялауға аударылды. Перспективалы жобаларда зерттеу ауқымы 1:25 000 деңгейіне дейін кеңейтіледі, бұл карталауды егжей-тегжейлі жүргізуге және инвестициялық тартымдылықты арттыруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік компаниялар, әсіресе «Тау-Кен Самұрық», геологиялық барлауға белсенді түрде тартылуда. Пилоттық жобалар шеңберінде Қаратас (мыс), Жосабай (алтын), Солтүстік Қатпар және Жоғарғы Қайрақты (вольфрам) кен орындары игерілуде. Алдағы уақытта Қарағанды облысында орналасқан сирек кездесетін металдарға бай Қүйректікөл кен орнын игеру жоспарлануда.

Соңғы 6 жылда қатты пайдалы қазбаларды барлауға жеке инвестициялар үш есеге артып, 2024 жылы 100 млрд теңгеге жетті. Дегенмен, мемлекеттік қаржыландыру деңгейі әлі де жеткіліксіз, сондықтан Қаржы министрлігіне оны арттыру мәселесін қарастыру тапсырылды.

Премьер-министр ғылыми тәсілдерді дамыту, инфрақұрылымды жетілдіру және еліміздің минералдық-шикізат базасын кешенді игеру үшін толыққанды жүйе қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Ұқсас материалдар