Қазақстанда сутекті энергияны дамытуға 7 млрд теңгеден астам инвестиция қажет

Энергетика министрлігінің мәліметінше, елімізде 2030 жылға дейін сутек энергетикасы саласында бірқатар пилоттық жобалар іске асырылмақ. Олардың қатарында — газтурбиналық қондырғыларда сутек қолдану, қалаларда сутекті автобустар енгізу, алғашқы жанармай құю бекеттерін салу және өнеркәсіп пен энергетика секторларында H₂ пайдалану бар.
Бұл бастамаларға 7 млрд теңгеден астам инвестиция қажет. Қаржыландыру жеке инвесторлар есебінен жүзеге асады.
Маңғыстау облысында Германиямен бірлесіп 40 ГВт жел және күн электр станцияларын салу жоспарланған. Бұл арқылы 2032 жылға қарай жылына 2 млн тоннаға дейін сутек өндіру көзделіп отыр.
Сондай-ақ, өндірісті орналастыру үшін өңірлік әлеуетті бағалау жүргізілуде. Министрлік халықаралық серіктестермен келіссөздер жүргізіп жатыр.