Қазақстанда спортты дамытуға бес жылда 616 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
Соңғы бес жылда Қазақстанда спорт саласын дамытуға 616 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азия ойындары мен Азия Пара ойындарының жеңімпаздары және жүлдегерлерін марапаттау рәсімінде мәлімдеді.
Мемлекет басшысының айтуынша, спортты қолдау және дамыту бағытында қабылданып жатқан шаралар өз нәтижесін беріп жатыр. Қазақстан халықаралық спорт аренасындағы позициясын нығайтып, ірі жарыстарды өткізу тәжірибесін кеңейтіп келеді.
Тоқаев 2027 жылы елімізде бірнеше танымал спорт түрінен әлем чемпионаттары өтетінін атап өтті. Олардың қатарында бокс, дзюдо, таэквондо, үстел теннисі және киберспорт бар. Сонымен бірге Қазақстан жасөспірімдер арасындағы шорт-тректен әлем чемпионатын да қабылдайды.
«Қазақстан спорт державасы ретіндегі позициясын дәйекті түрде нығайтып келеді. Елімізде жоғары деңгейдегі жарыстар өткізіліп жатыр», — деді Президент.





