Қазақстанда сегіз айда 2,2 млн-нан астам зейнетақы және әлеуметтік қызмет көрсетілді
Қазақстан азаматтарына зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласында 15 түрлі мемлекеттік қызмет қолжетімді. Оларды Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаменттері көрсетеді.
Олардың қатарында жасына байланысты зейнетақы және базалық зейнетақы төлемдерін, мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, арнайы және мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау қызметтері бар.
Сондай-ақ бала туған кезде және бала күтіміне байланысты жәрдемақыларды, көпбалалы отбасылар мен көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақыларды тағайындау қарастырылған.
Бұдан бөлек, мүгедектігі бар адамдарға күтім жасайтын азаматтарға, жерлеуге байланысты және басқа да әлеуметтік төлемдер тағайындалады.
Азаматтарға инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы төлеу қызметі де көрсетіледі.
2026 жылғы қаңтар–тамыз аралығында Комитеттің аумақтық департаменттері шамамен 2,206 млн мемлекеттік қызмет көрсетті.
Оның ішінде 1,286 млн жаңа тағайындау, 1,247 млн қайта қарау рәсімдеріне тиесілі болса, 75,1 мың өтініш бойынша қызмет көрсетуден бас тартылған.





