Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда үш жаңа ЖЭО мен бу-газ станциясының құрылысы басталады

Қазақстанда үш жаңа ЖЭО мен бу-газ станциясының құрылысы басталады

«Құрылыс жұмыстарының белсенді кезеңі 2025 жылдың соңында басталып, 2026 жылы жалғасады. Биыл жабдықтарға тапсырыс беріледі. Көкшетауда жобалау шартына қол қойылды, ТЭН әзірлеу аяқталып келеді. Семей ЖЭО бойынша ТЭН дайын. Өскеменде бірден жобалау басталады. Мұнда Ресейден жеңілдетілген қаржыландыру көзделген, сондықтан үш станцияда да ресейлік жабдық қолданылады», – деді ол.

Сондай-ақ Алматыдағы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 станцияларын жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жабдықтар жолда, мамыр мен қазан аралығында келеді деп күтілуде. Монтаждау жұмыстары 2025 жылдың екінші жартысында басталып, келесі жылы жалғасады. Екі станцияны 2026 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Катарлық серіктестермен бірлесіп Қызылордада бу-газ станциясын салу жобасы да іске асуда. Жер телімі бөлінді, жылдың соңына дейін EPC-келісімге қол қою жоспарлануда. Станцияны 2028 жылдың соңына дейін іске қосу көзделген.

Тағы бір жоба – «таза көмір» технологиясы бойынша инновациялық ГРЭС-3 салу.

«Бұл жоба Екібастұз ГРЭС-2 алаңында жүзеге асырылады. "Богатырь Көмір" кен орнында көмір қоры жеткілікті. Қазақстанда мұндай станциялар жоқ, бірақ әлемде табысты жұмыс істеп жатыр. Біз шетелдік инвесторлармен серіктестік мүмкіндіктерін қарастырып жатырмыз. Ағымдағы жартыжылдықтың соңына дейін Энергетика министрлігі тендер жариялап, инвесторды анықтайды», – деп түсіндірді компания басшысы.

Ұқсас материалдар