Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда некеге тұру көрсеткіші төмендеп жатыр

Қазақстанда некеге тұру көрсеткіші төмендеп жатыр

2025 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстанда шамамен 22,5 мың неке тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16%-ға, яғни 4,3 мың некеге аз. Бұл – 2014 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіштердің бірі (2020 жылдың II тоқсанындағы пандемиялық кезеңнен басқа).

Некеге тұру саны барлық өңірлерде азайған. Ең көп төмендеу Түркістан облысында (–19%) және Алматы қаласында (–21%) тіркелді.

Сондай-ақ, жалпы некелесу коэффициенті де төмендеп отыр — 1000 адамға шаққанда 4,47 (өткен жылы – 5,33). Ең төменгі көрсеткіш Батыс Қазақстан облысында (3,72), ал ең жоғарысы – Алматы облысында (5,26) тіркелді.

Ұқсас материалдар