Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда коммуналдық желілерді жаңғыртуға 6,8 трлн теңге қажет

Қазақстанда коммуналдық желілерді жаңғыртуға 6,8 трлн теңге қажет
Бұл туралы елордада «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын талқылау кезінде ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев мәлім етті.Оның айтуынша, салалар бойынша қолданыстағы коммуналдық инфрақұрылымға талдау жасалды.

Оған сәйкес желілердің қазіргі тозу деңгейі:

- 17 жылумен жабдықтау кәсіпорнында – 65%-дан 90%-ға дейін;

- 18 электр энергиясымен жабдықтау нысанында – 70%-дан 97%-ға дейін;

- 23 сумен жабдықтау кәсіпорнында – 70%-дан 100%-ға дейін;

- 24 ағынды суларды бұру нысанында – 70%-дан 100%-ға дейін.

- Осыған байланысты бұл саладағы инфрақұрылымның тозуын тоқтату үшін 86 мың шақырым инженерлік желіні жөндеуге 6,8 трлн теңге инвестиция тарту қажет. Бұл ретте, апатты қауіп едәуір азайып, инженерлік инфрақұрылымның жағдайы «технологиялық деңгейге» дейін көтеріледі, - деді Асан Дарбаев.
Министрлік ақпаратына қарағанда:

- жылумен қамтамасыз етуге – шамамен 1,3 трлн теңге, 1,6 мың км желіні жаңғырту;

- электр энергиясымен жабдықтау – 3,8 трлн теңгеден астам, 77,6 мың км желіні жаңғырту;

- сумен жабдықтау – шамамен 600 млрд теңге, 4,7 мың км желіні жаңғырту;

- су бұру саласына – 1,1 трлн теңгеден астам, 2,6 мың км желіні жаңғырту қарастырылған.

Бұдан бұрын хабарлағандай, энергетикалық секторда жаңғыртудың ұлттық жобасын бес және одан да ұзақ мерзімде жүзеге асыру үшін 13 трлн теңге қажет.

Ұқсас материалдар