ЖАҢАЛЫҚТАР
Қазақстанда өңірдегі ең ірі гипермасштабты деректерді өңдеу орталығы (ДӨО) құрылады

🔹 200 МВт жиынтық қуаты бар екі ДӨО Ақмола және Қарағанды облыстарында орналасады.
🔹 Жобаның инвесторы – Сингапурлық GK Hyperscale Ltd компаниясы.
🔹 Жалпы инвестиция көлемі – 690 млрд теңге.
📅 Жүзеге асыру мерзімдері:
✅ Бірінші кезең – 2027 жыл
✅ Толық іске қосу – 2030 жыл
Министрлік орталықтарды мемлекеттік цифрлық экожүйеге интеграциялауды және бұлтты технологиялар мен жоғары өнімді есептеулерді дамытуға жағдай жасауды қамтамасыз етеді.
📈 Күтілетін нәтижелер:
✅ Microsoft, Google, Amazon сияқты халықаралық технологиялық алпауыттарды тарту.
✅ Жоғары жалақы төленетін жұмыс орындарын ашу.
✅ IT қызметтерінің экспортын арттыру.
✅ Қазақстанды Орталық Азияның цифрлық хабы ретінде нығайту.