
Қазақстанда экологиялық туризм жыл сайын дамып келеді. 2022 жылы 2 млн адам экотурист ретінде тіркелсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 2,8 млн адамға жетіп, 40%-ға артты.
Туристер арасында ең танымал нысандар – Алматы маңындағы ұлттық парктер:
Іле-Алатау, Шарын, Алтын-Емел және Көлсай көлдері.
Бүгінгі таңда елдегі 14 ұлттық парк аумағында тұрақты туризм қағидаттарына негізделген инфрақұрылым дамып келеді. Соңғы жылдары 8 заманауи визит-орталық салынды, оларда ақпараттық жүйелер, навигация және демалыс аймақтары қарастырылған. Сонымен қатар, кемпингтер мен глэмпингтер бой көтеруде.
Экотуризм табиғатты сақтау ісіне үлес қосып, аймақтардың тұрақты дамуына мүмкіндік береді.