
2025 жылға бұл мақсатқа 132,9 млрд теңге қарастырылған.
🔹 АӘК қандай көмектерді қамтиды?
✔ Әлеуметтік төлемдер – табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға тоқсан сайын төленеді.
✔ Балаларға қосымша көмек – 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайын төленеді. Бұл көмекті 63,9 мың бала алып отыр, жалпы сома 733,5 млн теңге.
✔ Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу – жұмысқа орналасуға көмектесу, кәсіп ашуға гранттар беру, қажет болған жағдайда біліктілікті арттыру курстарына жіберу.
АӘК алу үшін карьера орталықтарына, ауыл округі әкімдеріне немесе eGov.kz порталы арқылы өтініш беруге болады.