Бізге жазылыңыз:

Қазақстан жанар-жағармай бағасы бойынша ЕАЭО елдері арасында ең төмен деңгейде тұр

Қазақстан жанар-жағармай бағасы бойынша ЕАЭО елдері арасында ең төмен деңгейде тұр

Қазақстанда жанар-жағармай бағасы Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерімен салыстырғанда ең төменгі деңгейде сақталып отыр. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады.

Бензин бағасы

Энергетика министрлігінің дерегінше, қазіргі уақытта ЕАЭО елдерінде АИ-92 маркалы бензиннің бағасы Қазақстанмен салыстырғанда 79–139%-ғажоғары.

Global Petrol Prices ресурсының мәліметіне сәйкес, бензиннің орташа бағасы:

Қазақстанда – $0,478 немесе 244,3 теңге

Ресейде – $0,75 (383,3 теңге)

Беларусьте – $0,795 (406,3 теңге)

Қырғызстанда – $0,844 (431,3 теңге)

Арменияда – $1,281 (654,6 теңге)

Осылайша, Қазақстандағы бензин бағасы өзге елдермен салыстырғанда 56,9%-дан 168%-ға дейін арзан болып отыр.

Дизель отыны бағасы

Дизель отыны бойынша да Қазақстан ең төмен баға ұсынушы ел ретінде көш бастап тұр.

Орташа баға:

Қазақстанда – $0,567 (289,7 теңге)

Беларусьте – $0,795 (406,3 теңге)

Қырғызстанда – $0,842 (430,3 теңге)

Ресейде – $0,88 (449,7 теңге)

Арменияда – $1,281 (654,6 теңге)

Дизель бағасының айырмашылығы 40,2%-дан 125,9%-ға дейінгі аралықта тіркелген.

Баға тұрақтылығы және мемлекеттік шаралар

Министрлік жанар-жағармай бағасының күрт өсуіне жол бермеуді басты міндет ретінде белгілегенін мәлімдеді. Сонымен қатар, әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсету шаралары жалғасады.

Ағымдағы жылдың алғашқы үш айында АИ-92 бензинінің бағасы бар болғаны 1–4 теңгеге өсті. Қазіргі таңда өңірлер мен компанияларға байланысты баға 195–209 теңге аралығында.

Жазғы және маусымаралық дизель отынының бағасы 4–8 теңгеге артқан, қазіргі көрсеткіш 209–303 теңге аралығында.

Министрлік жанар-жағармай бағасының қалыптасуы зауыттан АЗС-ке дейінгі жеткізу тізбегі, сатып алу құны, сондай-ақ нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты екенін атап өтті.

Сонымен бірге, үкімет шекара маңындағы ағындардың артуы, сұр нарықтың кеңеюі және көрші елдердегі баға өзгерістеріне байланысты тәуекелдерге қарсы жоспарлы шараларды қайта қарап, қажетті әрекеттер қабылдайтынын хабарлады.

Ұқсас материалдар