Қазақстан ураны Чехияға экспортталады: Қазатомөнеркәсіп пен ČEZ келісімге қол қойды

14 сәуір күні «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы мен Чехияның ČEZ a.s. энергетикалық компаниясы қазақстандық табиғи уранды жеткізу туралы ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойды.
🔹 Келісім мерзімі — 7 жыл.
🔹 Жеткізілім көлемі нақты көрсетілмеген.
Компания таратқан мәлімет бойынша, қазақстандық уран Westinghouse жылу бөлгіш жинақтарын жасау үшін қажет шикізаттың үштен бір бөлігін қамтамасыз етеді. Бұл Темелин АЭС-іне арналған, әрі Чехияның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтады және елдің таза әрі тұрақты энергиямен қамтылуына үлес қосады.
📌 Анықтама:
Чехияда екі атом электр станциясы бар — Темелин және Дукованы, олар елдегі электр энергиясының үштен бірін өндіреді. Бұған дейін отынды ресейлік ТВЭЛ компаниясы жеткізіп келген. Алайда 2024 жылдан бастап Чехия америкалық Westinghouse пен франциялық Framatome компанияларымен жұмыс істеуге көшті.