Қазақстан Legatum Prosperity Index 2026 нұсқасы бойынша Орталық Азиядағы ең гүлденген мемлекет деп танылды. 161 елді қамтитын жаһандық рейтингте Қазақстан 66-орыннан көрініп, өңірдегі ең жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Prosperity Institute әзірлейтін индекс елдердің әл-ауқатын үш негізгі бағыт бойынша бағалайды: даму, еркіндік және қоғамдық байланыстардың жай-күйі. Рейтингті қалыптастыру кезінде экономикалық мүмкіндіктер, мемлекеттік басқару сапасы, білім беру, денсаулық сақтау, қауіпсіздік, инвестициялық ахуал және бизнес жүргізу шарттары сияқты ондаған көрсеткіш ескеріледі.
Орталық Азия елдері арасындағы рейтинг төмендегідей:
-
Қазақстан — 66-орын;
-
Қырғызстан — 87-орын;
-
Өзбекстан — 94-орын;
-
Тәжікстан — 129-орын;
-
Түрікменстан — 150-орын.
Ресей рейтингте 103-орынға жайғасты.
Әлемдік рейтингтің көшін Швейцария бастады. Алғашқы бестікке сондай-ақ Норвегия, Ирландия, Дания және Финляндия енді. Бұл елдер өмір сүру сапасы, тиімді мемлекеттік институттары және тұрақты экономикалық дамуымен ерекшеленеді.
Қазақстанның 66-орынға көтерілуі елдің Орталық Азиядағы көшбасшылық позициясын тағы бір мәрте растады. Бұл нәтиже халықаралық сарапшылар бағалайтын әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша оң өзгерістердің бар екенін көрсетеді.





