Бізге жазылыңыз:

Қазақстан мен Түркия әскери мүліктің әуе транзитінің шарттарын өзгертуде

Қазақстан мен Түркия әскери мүліктің әуе транзитінің шарттарын өзгертуде
- Келісімге 2024 жылғы 11 қыркүйекте Астанада қол қойылды. Бұл құжат әуе кеңістігін өзара пайдалану аясында екі мемлекеттің аумағы арқылы әскери мүлік пен персоналды транзиттеу шарттарын реттеу мақсатында жаcалды. Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті осы заң жобасы бойынша тиісті қорытынды әзірлеуге дайын, - деді депутат Айгүл Құспан.
Бұған дейін хабарланғандай, екі елдің әуе кеңістігі арқылы әскери мүлік пен персоналды транзиттеу жөніндегі Түркиямен келісімге қол қою туралы Қазақстан Үкіметінің 2024 жылғы 11 қыркүйектегі қаулысы қабылданды.

Келісім Қазақстан мен Түркияның әуе кеңістігі арқылы әскери техника мен жеке құрамды тасымалдау шарттарын реттейді. Ол өзара рұқсаттар негізінде әуе дәліздерін пайдалану тәртібін белгілейді.

Ұқсас материалдар