Бізге жазылыңыз:

Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы тауар айналымы 3,17 млрд долларға жетті

Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы тауар айналымы 3,17 млрд долларға жетті

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы өзара сауда көлемі 3,17 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл туралы Қазақстан-Корея сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссияның 11-отырысында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстар тұрақты өсім көрсетіп келеді. Инвестициялық ынтымақтастық та оң динамикаға ие. Соңғы он жыл ішінде Оңтүстік Кореяның Қазақстан экономикасына салған тікелей инвестицияларының көлемі шамамен 8 млрд АҚШ долларына жеткен.

«Корея Республикасы Қазақстан экономикасына инвестиция құйып отырған негізгі серіктестердің бірі болып табылады. Сауда және инвестиция салаларындағы өзара ынтымақтастықтың әлеуеті әлі де жоғары», – деді Ерсайын Нағаспаев.

Бүгінде Қазақстанда оңтүстіккореялық капиталдың қатысуымен 700-ден астам компания жұмыс істейді. Олардың қатарында Hyundai Motor Company, Kia Corporation, Samsung Electronics, Lotte Corporation және Doosan Enerbility секілді ірі халықаралық корпорациялар бар.

Тараптар өнеркәсіп, энергетика, көлік және логистика, цифрлық технологиялар, сондай-ақ жоғары қосылған құны бар өндірістерді дамыту бағыттарындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті.

Сарапшылардың пікірінше, инвестициялық байланыстардың нығаюы мен бірлескен өндірістік жобалардың көбеюі Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін арттырып, экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етуі мүмкін.

Ұқсас материалдар