Бізге жазылыңыз:

Қазақстан мен Нидерланд инвестициялық әріптестікті кеңейтуде

Қазақстан мен Нидерланд инвестициялық әріптестікті кеңейтуде

Соңғы жиырма жылда Нидерланд Қазақстан экономикасына 124 млрд доллардан астам тікелей инвестиция құйды. Бұл туралы Астанада өткен Қазақстан–Нидерланд Іскерлік кеңесінің II отырысында мәлім болды.

Жиынға екі елдің дипломатиялық өкілдері, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы, БеНиЛюкс сауда палатасы және бизнес қауымдастық өкілдері қатысты. Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын талқылап, өзара әріптестікті кеңейту мүмкіндіктерін қарастырды.

Кездесуде айтылғандай, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Нидерланд арасындағы тауар айналымы 11%-ға өсіп, 6 млрд доллардан асты.

Қазіргі таңда Қазақстанда нидерланд капиталының қатысуымен 700-ден астам компания жұмыс істейді. Бұл Нидерландтың еліміздегі ең ірі шетелдік инвесторлардың бірі екенін көрсетеді.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Дана Қасымованың айтуынша, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың әлеуеті әлі де жоғары.

– Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктері мен Нидерландтың инновациялық тәжірибесі жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға негіз болады. Бүгінгі кездесу өзара сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі дамытуға деген қызығушылықтың жоғары екенін көрсетті, – деді ол.

Қазақстан Нидерландқа негізінен мұнай, ферроқорытпа және титан экспорттайды. Ал Нидерландтан дәрі-дәрмек, медициналық жабдықтар, машина жасау өнімдері және ауыл шаруашылығы тауарлары импортталады.

Ұқсас материалдар