Бізге жазылыңыз:

Қазақстан мен Корея энергетика саласындағы стратегиялық әріптестікті кеңейтуде

Қазақстан мен Корея энергетика саласындағы стратегиялық әріптестікті кеңейтуде

Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжон Кихонмен кездесу өткізіп, мұнай-газ және электр энергетикасы салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі – биылғы қыркүйекте Қазақстан Президентінің Корея Республикасына жоспарланған мемлекеттік сапары аясында қол қойылуы көзделген Мұнай саласындағы ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімді әзірлеу болды.

Тараптар сондай-ақ кореялық компаниялардың Қазақстанның энергетикалық инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысу мүмкіндіктерін қарастырды. Энергетика министрлігі оларды 2035 жылға дейінгі электр энергетикасын дамыту жоспары аясында қолданыстағы энергетикалық нысандарды жаңғырту және жаңа генерациялау қуаттарын салу жобаларына инвестор әрі EPC-мердігер ретінде қатысуға шақырды.

Кездесу барысында Түркістан облысында салынып жатқан бу-газ электр станциясы жобасының жүзеге асырылу барысы да талқыланды. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасып жатыр, негізгі технологиялық жабдықтарды жеткізу толық аяқталған. Нысанда 2 100-ден астам маман еңбек етуде.

Кездесу қорытындысында Қазақстан мен Корея энергетика саласындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға және технологиялық ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін растады.

Ұқсас материалдар