– Сондай-ақ Грузия, Әзербайжан және Қазақстан темір жолдары арасындағы бірлескен кәсіпорынның тиімді жұмыс істеп жатқаны баяндалды. 2025 жылы аталған жобаға Қытай тарапы қосылған. Тараптардың пікірінше, бұл ынтымақтастық жүк тасымалдарын үйлестіруді жақсартуға және дәліздің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деп жазылған Көлік министрлігінің хабарламасында.
Кездесу аясында грузин тарапы көлік саласындағы ынтымақтастықты дамытуға елеулі үлес қосатын стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларды таныстырды. Атап айтқанда, Анаклия порты жобасы, локомотив және вагон паркін жаңартуға бағытталған ірі инвестициялық жобалар таныстырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар көлік саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендерін жеткізді.





