Бізге жазылыңыз:

ҚАЗАҚСТАН БАНКТЕРІНІҢ КАПИТАЛЫ ЖЫЛ ІШІНДЕ 22%-ҒА ӨСІП, 10 ТРИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚТАДЫ

ҚАЗАҚСТАН БАНКТЕРІНІҢ КАПИТАЛЫ ЖЫЛ ІШІНДЕ 22%-ҒА ӨСІП, 10 ТРИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚТАДЫ
Естеріңізге салсақ, елімізде жаңа банк құрылды, ұзақ үзілістен кейін алғаш рет нарықтағы қатысушылар саны өсті.
Осы жағдайға байланысты банктердің реттеушілік меншікті капиталы тұрақты өсімін жалғастыруда. Ағымдағы жылдың маусым айының соңында аталған көрсеткіш бір айда 2,5%-ға артып, 9,8 трлн теңгеге жетті.
Банктердің әрқайсысында жағдай әртүрлі қалыптасқан. Елдегі ірі ЕДБ арасында реттеушілік меншікті капиталының өсімі бойынша ForteBank көш бастап тұр: плюс 4,2% (немесе плюс 19 млрд теңге). Бірінші жарты жыл қорытындысы бойынша көрсеткіш 472,1 млрд теңгеге жетті. Сондай-ақ қаржы институты барлық пруденциялық нормативтерін орын келеді. ForteBank-тің капитал жеткіліктілігінің коэффициенттері: k1 — 14,1%, k1-2 — 14,1%, k2 — 14,2%, бұл орташа алғанда, жүйе бойынша заңнама талаптарынан едәуір жоғары.
Екінші орынға Freedom Bank жайғасты: өсім 3,9%-ды (немесе 7,3 млрд теңгені) құрап, 197,4 млрд теңгеге дейін жетті.
Үздік үштікті Halyk Bank түйіндейді: плюс 3,7%, 3,2 трлн теңгеге дейін. Меншікті капиталының өсімі бойынша ҚР ЕДБ-ның үздік бестігіне Отбасы банкі мен Home Credit Bank те енді.
Меншікті капитал — банктердің тұрақтылығы мен сенімділігін сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің бірі. Қаржы ұйымдарының сыртқы күйзелістерге қарсы тұру, өтімділікті қамтамасыз ету және салымшылар мүддесін қорғау мүмкіндігін бағалауда оның рөлі зор.
Капиталдың өсімі банктердің экономиканы қаржыландыру, операциялар аясын кеңейту және тұрақты даму қабілетінің артқанын айқындайды. Реттеуші үшін бұл — сектордың қаржылық тұрғыдан нығайып, кемелдене түсуінің белгісі. Ұзақ мерзім бойы ҚР ЕДБ-ның меншікті капиталы тұрақты өсімін жалғастыруда: соңғы жылда бұл көрсеткіш 21,7%-ға, ал соңғы бес жылда 2 еседен астам артты.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің деректеріне сәйкес 2025 жылғы шілдедегі жағдай бойынша банк секторы елеулі меншікті капитал қорына ие. Негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (k1) 19,5%-ды, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (k2) 21,0%-ды құрайды. Аталған көрсеткіштер заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір жоғары, бұл банктерге ықтимал тәуекелдерді тиімді жабуға және нарықтық құбылмалылық жағдайында тұрақтылығын сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Ұқсас материалдар