
Наурызбен салыстырғанда бұл көлем 1,03 тоннаға кеміді. Жаһандық рейтингте Қазақстан (ХВҚ мен ЕОБ-ны есепке алмағанда) 21-орынға түсіп, Австрия мен Таиландтың арасында орналасқан.
Бұған дейін LS порталы алтын бағасы тарихи рекордқа жеткенін хабарлаған болатын — $3,1 мыңнан жоғары. Қазіргі уақытта Comex және LBMA биржаларында қымбат металл трой унциясы үшін $3,12 мыңнан саудалануда. Ұлттық банктің сайтында 3 сәуірдегі алтынның бағасы – грамына 50 575,13 теңге.
Еске сала кетейік, наурыз айында айна операциялары аясында Ұлттық банк 249 млрд теңгені стерилизациялады. Ал сәуірде шамамен 213 млрд теңге баламасында валюта сату жоспарланып отыр.