ЖАҢАЛЫҚТАР
Қазақстан алдағы қыста да Ресейден электр қуатын импорттауы мүмкін
- Максималды жүктеме сағаттарында біздегі электр қуатының қажеттелігі 14 957 МВт болады. Оны жинақтауға 14,6 МВт генерация керек. Аздаған тапшылық бар – 330 МВт-тай болады. Қазір оны Ресейден келетін ағын есебінен жауып отырмыз. Жылыту маусымының барысында жөндеуде болған стансалар қайта іске қосылады. Осыған байланысты тапшылық болжап отырған жоқпыз. Бола қалған күннің өзінде Ресейден импорттаймыз. 20 қазанда «Мойнақ» ГЭС-і жөндеуден кейін іске қосылды. Оның үстіне Жамбыл ГРЭС-інің қосымша блогын қостық. Сондықтан өз қажеттілігімізді толықтай өзіміз жауып тұрмыз. Бар тапшылықты Ресеймен маневр арқылы жабамыз. Электрді ажырату шараларын жоспарлап отырған жоқпыз, - деді компания басшысы.
Оның айтуынша, елімізде электр қуатын тұтыну көлемі жыл сайын артып келеді.
- Былтырғымен салыстырғанда электр қуатын тұтыну көлемі сағатына 4 млрд КВт-қа ұлғайды. Бұл бір жылда 4,2 пайыз өсті деген сөз, айтарлықтай үлкен көлем. Есесіне жаңа генерациялар қосымша іске қосылды. Оның ішінде жаңартылатын қуат та бар. Соның есебінен тапшылықты жауып отырмыз, - деді Қайрат Мақсұтов.