Бізге жазылыңыз:

Kaspi.kz Түркия банк нарығына шығады

Kaspi.kz Түркия банк нарығына шығады

Kaspi.kz Rabobank Group-пен Түркиядағы Rabobank A.Ş. еншілес банкін сатып алу туралы келісім жасады, деп хабарлайды Kapital.kz. Мәміле реттеуші органдардың мақұлдауынан кейін аяқталады.

Rabobank Group Түркиядағы бөлімшесін сату бизнесті оңтайландыру стратегиясымен байланысты екенін атап өтті. JP Morgan және A&O Shearman / Gedik&Eraksoy мәміле бойынша кеңесші болды.

Rabobank – ING-тен кейінгі Нидерландтағы екінші ірі банк. 2024 жылдың желтоқсанындағы мәлімет бойынша, оның Түркиядағы бөлімшесінің активтері 52 млн долларды құрады.

2025 жылдың қаңтарында Kaspi.kz түрік Hepsiburada маркетплейсін 1,13 млрд долларға сатып алып, оның негізгі акционері болды. Ал ақпанда Михаил Ломтадзе компанияның директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.

Ұқсас материалдар