Бізге жазылыңыз:

Каспий теңізіне қатысты экологиялық жобаға миллиондаған доллар бөлінеді

Каспий теңізіне қатысты экологиялық жобаға миллиондаған доллар бөлінеді
Дүниежүзілік банк Каспий теңізіне қатысты ірі экологиялық жобаны қаржыландыруды мақұлдады. Бұл мәліметті Ақтауда орналасқан Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институтының басшысы Серік Ахметов растады.
Әзербайжан, Қазақстан және Түрікменстан елдерінің «Каспийді көгалдандыру» деп аталатын жобасы теңіздің ластануымен күресіп, биоалуантүрлілікті қорғауға бағытталған. Ғаламдық экологиялық қор осы жобаны жүзеге асыру үшін 11,74 млн доллар көлемінде грант бөлетін болды.

Тағы 8,24 млн доллар қосымша қарастырылмақ.

Сондай-ақ, жобаны дайындауға 183 мың доллар көлемінде грант бөлу жоспарланған. 

Бұл бастама өңір елдерінің ынтымақтастығын нығайтуға және Тегеран конвенциясы аясындағы міндеттемелерді орындауға бағытталған.

Ұқсас материалдар