Бізге жазылыңыз:

Қаржы министрлігі табысын жасырған 438 блогерге қатысты тексеру жүргізеді

Қаржы министрлігі табысын жасырған 438 блогерге қатысты тексеру жүргізеді
Блогерлер 2026 жылғы 31 наурызға дейін декларация тапсыруы керек, яғни табысын растайды. Жалпы білесіздер, біз блогерлермен бірталай жұмыс атқардық. Мыңдаған блогерге салық төлемі туралы хабарлама жіберілді, — деді Мәди Такиев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін өткен брифингіде.
Министр келтірген мәліметке сүйенсек, 854 блогерге 72 млрд теңге табыс салығын төлеу жөнінде хабарлама жіберілді. Оның ішінде 394 блогер 11,8 млрд теңге салық төледі.

— Қалған 438 блогерге қатысты тексеру жүргіземіз, — деп толықтырды ведомство басшысы.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 360-қа жуық блогер өз еркімен 10,5 млрд теңге сомасындағы табысын растады. Төлем 256 млн теңге (салық) болды.

Ұқсас материалдар