Бізге жазылыңыз:

Қаржы министрі салық салудың сервистік моделі қалай іске асатынын түсіндірді

Қаржы министрі салық салудың сервистік моделі қалай іске асатынын түсіндірді
— Негізгі тәсіл — «бақылау үшін ғана бақылау» саясатынан кетіп, салық төлеуші жүйеге тіркелген сәттен бастап оның бүкіл қызметіне сервистік сүйемелдеуге көшеміз. Бұл Мемлекеттік кірістер комитетінің екінші деңгейдегі банктердің және басқа да цифрлық арналардың платформаларында электрондық сервистер мен интеграцияларды дамыту арқылы қамтамасыз етіледі. Оның ішінде:

* декларацияларды алдын ала толтыру және автоматты түрде декларациялау;

* салық есебін беру мерзімінің басталуы сияқты маңызды оқиғалар туралы push-хабарламалар жіберіп отыру;

* мемлекеттік бажды автоматты түрде қайтару немесе салықтарды есепке жатқызу сияқты жекелеген процестерді «өтiнiшсiз» форматта көрсету көзделіп отыр, — деді министр.
Сондай-ақ, ол Мемлекеттік кірістер комитетінің платформасы қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркелген кәсіпкерлерді электрондық шот-фактураларымен жұмыс істеу тәртібі, қосылған құн салығы бойынша базалық ұғымдар, электрондық шот фактураларын жазып берудің және декларацияны тапсырудың негізгі мерзімдері туралы базалық оқудан өткізетінін айтты.

Ұқсас материалдар