Бізге жазылыңыз:

IV тоқсанда экономиканың барлық саласында сұраныс жақсарады деп күтілуде

IV тоқсанда экономиканың барлық саласында сұраныс жақсарады деп күтілуде

Қазақстандағы көптеген сала кәсіпорындары 2026 жылдың III тоқсанында дайын өнімге деген сұраныстың төмендеуіне тап болды. Алайда жыл соңындағы үш айда бизнес жағдайдың жақсаруын күтеді. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің салалық конъюнктуралық шолуында айтылған.

Ұлттық банк Ақша-кредит саясаты департаментінің нақты секторды мониторингтеу басқармасының басшысы Игорь Осиповтың түсіндіруінше, есепті кезеңде экономиканың басым бөлігінде дайын өнімге сұраныс төмендеген. Сонымен қатар IV тоқсанда барлық дерлік сала кәсіпорындары сұраныстың қалпына келуін болжап отыр.

Құрылыста оң өзгерістер байқалды: III тоқсанда өндіріс көлеміне қатысты жағдай жақсарған. Ал келесі тоқсанда өндіріс көрсеткіштерінің өсуі экономиканың басым бөлігінде күтіледі.

Бұдан бөлек, шілде–қыркүйек айларында барлық салада дайын өнім, шикізат пен материалдар бағасының өсу қарқыны баяулаған. Кәсіпорындардың болжамынша, IV тоқсанда шикізат пен материалдар бағасының қымбаттауы одан әрі баяулайды.

Зерттеуге тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығы, көлік және қоймалау салаларындағы 2,8 мыңнан астам кәсіпорын қатысты.

Ұқсас материалдар