Бізге жазылыңыз:

Home Credit Bank «Сақтау акциясы» депозитін қайта іске қосты

Home Credit Bank «Сақтау акциясы» депозитін қайта іске қосты

Қазақстандықтар депозиттерге қаражат жинауды белсенді түрде жалғастыруда. Ұлттық банк мәліметтеріне сәйкес, бір жыл ішінде депозиттік ұйымдардағы теңгедегі салымдар 20%-дан астам өсіп, 17,6 трлн теңгеге жетті. Бұл өсім банк секторына деген сенімнің сақталуымен және депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің артуымен байланысты.

Халық жинақтаудың ұзақ мерзімді құралдарынан бөлек, қысқа мерзімді нұсқаларын да қарастыра бастады. Осындай мақсаттарға арналған Home Credit Bank-тің арнайы өнімі – акциялы депозит, ол қарапайым депозиттермен салыстырғанда тиімдірек шарттарды ұсынады.

Акциялы депозит дегеніміз не?
Бұл жеке тұлғаларға арналған уақытша ұсыныс, ол жоғары пайыздық мөлшерлемемен ерекшеленеді. Мұндай өнімдер салымшыларға қысқа мерзім ішінде жоғары табыс алуға мүмкіндік береді.

Жаңа шарттар қандай?
19 наурыздан бастап Home Credit Bank акциялы депозит бойынша мөлшерлемені арттырды. Енді ол 3 айдан 12 айға дейінгі мерзімге жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 17%-дан 18,5%-ға дейін табыс әкеледі. Оның басты артықшылығы – жоғары сыйақы мөлшерлемесі және күнделікті капитализация.

Мысалы, клиент «Сақтау акциясы» депозитіне 500 мың теңге салса:

  • 3 айда (ЖТСМ 18,5%) табысы – 21 846 теңге;

  • 6 айда (ЖТСМ 18,5%) табысы – 44 646 теңге;

  • 12 айда (ЖТСМ 17%) табысы – 84 978 теңге.

Депозиттің ерекшеліктері:
✅ Күнделікті капитализация
✅ Минималды сома – 100 000 теңге
✅ Ашылған депозитке қосымша қаражат салу немесе ішінара алу мүмкін емес
✅ Депозитті Home.kz мобильді қосымшасы немесе банк бөлімшесінде ашуға болады
✅ Салымды мерзімінен бұрын алу кезінде сыйақы мөлшерлемесі 0%-ға тең болады

Бұл өнімді тек жаңа салымшылар ғана емес, сондай-ақ банкке қосымша қаражат салатын қазіргі клиенттер де пайдалана алады. Алайда, бұл сома өткен айдың бірінші күніндегі депозиттік қалдықтан асып түсуі қажет.

Қаражаттың сақталуына кепілдік бар ма?
Home Credit Bank – Қазақстанның депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы. Сондықтан клиенттер өз жинақтарының Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) арқылы сақтандырылғанына сенімді бола алады.

Ұқсас материалдар