ЖАҢАЛЫҚТАР
Google салығы: Valvе, Apple, Temu сынды компаниялар бюджетке 48,6 млрд теңге төледі
Қазіргі кезде Қазақстанда 118 шетелдік бейрезидент компания тіркелген. Олардың арасында Google, Netflix, Meta, OpenAI (ChatGPT) және Canvaсияқты жаһандық платформалар бар. 2025 жылы тағы 20 компания тіркеуге қосылған. Олардың ішінде:
- Chess.com – шахмат әуесқойларына арналған халықаралық платформа;
- OpenAI, L.L.C. – ChatGPT сервисінің әзірлеушісі;
- Canva Pty Ltd. – онлайн-дизайн платформасы;
- Microsoft Ireland Operations Limited – Microsoft компаниясының бөлімшесі;
- Canyon Bicycles GmbH – кәсіби велосипед өндірушісі бар.
2022 жылдан бастап енгізілген бұл тетік қазақстандық пайдаланушыларға электрондық қызмет көрсететін немесе интернет арқылы тауар сататын шетелдік компаниялар үшін 12% мөлшерлемедегі қосылған құн салығын төлеуді міндеттейді.





