Бізге жазылыңыз:

GITEX Central Asia & Caucasus 2026 жылдан бастап Астанада өтеді

GITEX Central Asia & Caucasus 2026 жылдан бастап Астанада өтеді

2026 жылдан бастап Астана қаласы GITEX Central Asia & Caucasus технологиялық форумын қабылдайды. Бұл туралы Берлиндегі GITEX EUROPE 2025 форумында жария етілді. Келісімге Қазақстан тарапы мен ұйымдастырушылар қол қойды.

Цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, бұл оқиға Қазақстанның өңірлік цифрлық хаб ретіндегі орнын айқындай түседі. GITEX — Дубайда өтетін жаһандық форум, енді оның өңірлік нұсқалары Африкада (Марокко), Еуропада (Берлин), Азияда (Сингапур) және енді Орталық Азия мен Кавказда өткізіледі.

GITEX EUROPE аясында Astana Hub Қазақстаннан сегіз стартапты ұсынды: ARLAN BIOTECH, Alaqan Technologies, SHAI және басқалары жасанды интеллект, биометрия, финтех пен EdTech бағытында өз жобаларын көрсетті.

Ұқсас материалдар