Бізге жазылыңыз:

Елорданың 2026 жылға бюджеті қандай

Елорданың 2026 жылға бюджеті қандай
Астана қаласы мәслихаты кезектен тыс отырыста елорда бюджетінің кіріс бөлігін 79,4 млрд теңгеге ұлғайту туралы нақтылауды бекітті. Бұл туралы қалалық Экономикажәне бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Айжан Түгелбаева мәлім етті. — Нақтысалықтық және өзге де түсімдердің жиналуына жүргізілген талдау негізіндежекелеген кірістер бойынша жоспарды 79,4 млрд теңгеге, оның ішінде салықтарбойынша 72,6 млрд теңгеге арттыруды ұсынамыз. ҚҚС төлеушілерінің республикалықбюджетке берілуіне, салық заңнамасындағы жекелеген өзгерістер динамикасын, сондай-ақ күтілетін 10 пайыздық өсімді ескере отырып, салықтық түсімдер жоспары1 трлн 91 млрд теңге көлемінде бекітілді, — деді Айжан Түгелбаева. 
Оның айтуынша, жобаға сәйкес елорданың 2026 жылға арналған нақтыланған бюджеті 1 трлн 360 млрд 833 млн теңгені құрайды. 

— Түсімдер құрылымы төмендегідей:

— меншікті кірістер — 1 трлн 193 млрд 196 млн теңге;

— республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттер — 102 млрд 921 млн теңге; 

— мемлекеттік бағалы қағаздар шығару — 20 млрд теңге, — деп толықтырды спикер.

Сонымен қатар АйжанТүгелбаева мәслихат комиссияларының отырыстарында нақтыланған бюджет жобасы талқыланғанын атап өтті. Депутаттардың ұсынымдарын ескере отырып, жекелеген шығыс баптары толықтырылып, әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды қаржыландыру қолдау тапқан. Күтілетін қосымша түсімдер есебінен көлік, энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және басқа да салалардағы инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру ұлғайтылмақ.

Ұқсас материалдар