Бізге жазылыңыз:

Елордада 6 млрд теңгеге жаңа сүт зауыты салынды

Елордада 6 млрд теңгеге жаңа сүт зауыты салынды

Астанада 6 млрд теңге инвестицияға салынған жаңа сүт өңдеу зауыты пайдалануға берілмек. Кәсіпорын «RnR Group» ЖШС өндірістік алаңында орналасқан және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған.

Компания директоры Виталий Долженконың айтуынша, зауыттың жалпы құны 6 млрд теңгені құрайды. Өндіріс орны 2026 жылы толық іске қосылады деп жоспарланса, алғашқы өнім осы жылдың тамыз айында нарыққа шығарылады.

Жобаның өндірістік қуаты тәулігіне 100 тоннаға дейін сүт өңдеуге мүмкіндік береді. Болашақта өндіріс көлемін одан әрі ұлғайту көзделген.

Кәсіпорында сүт, айран, қаймақ, йогурт және басқа да сүт өнімдерінің шамамен 350 түрі шығарылады. Өнімдер негізінен Астана қаласы мен оған іргелес өңірлердің нарығына жеткізіледі.

Жоба Үкімет пен қала әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылып отыр. Оның негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу үлесін арттыру, отандық өндірісті дамыту және ішкі нарықтағы қазақстандық өнімдердің үлесін көбейту.

RnR Group компаниясының құрылтайшылары – Михаил Бобров пен Гүлнар Жұмабекова. Кәсіпорынның іске қосылуы елордадағы азық-түлік өндірісінің көлемін ұлғайтып, импортқа тәуелділікті төмендетуге ықпал етеді деп күтілуде.

Ұқсас материалдар