Бізге жазылыңыз:

Елде отандық фармацевтикалық өнімдерге сұраныс артып келеді

Елде отандық фармацевтикалық өнімдерге сұраныс артып келеді
Қазақстанда кейінгі үш жылда отандық фармацевтикалық өнімдерді сатып алу көлемі 38%-ға артты. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлім етті. 

Оның айтуынша, қазіргі уақытта 31 отандық өндірушімен 83 ұзақ мерзімді келісімшарт жасалған.

– Соңғы үш жылда сатып алынатын отандық фармацевтикалық өнім көлемі 38,1%-ға өсіп, 2024 жылғы 703 түрлі дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымнан 2026 жылы 971 түрге дейін жетті, - деді Тимур Мұратов.

Вице-министрдің мәліметінше, 2025 жылы Бірыңғай дистрибьютор арқылы сатып алынған отандық өнімнің ақшалай үлесі жалпы көлемнің 32%-ын құраған. Ал 2027 жылға қарай бұл көрсеткішті 34%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ қазақстандық фармацевтикалық өнім өндірісін дамыту мақсатында жалпы сомасы шамамен 360 млрд теңгеге 7 инвестициялық келісім жасалған. Оның аясында отандық компаниялардың өнім өндіру көлемін ұлғайту көзделіп отыр.

Ұқсас материалдар