Бізге жазылыңыз:

Елде алдағы жеті жылға электр энергиясына шекті тарифтердің өсуі тоқтатылмақ

Елде алдағы жеті жылға электр энергиясына шекті тарифтердің өсуі тоқтатылмақ
— Осы бұйрықта 2026-2032 жылдарға арналған электр энергиясына шекті тарифтерді 2025 жылғы электр энергиясына шекті тарифтер деңгейінде бекіту көзделген, — делінген құжатта. 

Ведомство ақпаратына қарағанда, шекті тарифтерді 2026-2032 жылдарға бекіту бірыңғай сатып алушының бағасына әсер етпейді. Себебі оның межесі 2025 жылғы деңгейде қарастырылған.

— Биығы 8 қазанда Мемлекет басшысының төрағалығымен экономикалық даму сапасын арттыру және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өтіп, оның қорытындысы бойынша макроэкономикалық тұрақтылық жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды. Осыған байланысты электр энергиясына шекті тарифтердің өсуін тоқтату туралы шешім қабылданды, — деп нақтыланды құжатта.
Бұл тұрғыда аталған шешімге қатысты бекітілген тарифтер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Шекті тарифтердің қолданылу кезеңі — 2026-2032 жылдар.

Осы құжат жобасы Ашық НҚА порталында 17 желтоқсанға дейін талқылауға шығарылды.

Ұқсас материалдар