Бізге жазылыңыз:

Экономикалық зерттеулер институты: Қазақстан мен АҚШ тауар айналымы 22,8%-ға кеміді

Экономикалық зерттеулер институты: Қазақстан мен АҚШ тауар айналымы 22,8%-ға кеміді
Бұл туралы Экономикалық зерттеулер институты мәлімдеді.Осы кезеңде АҚШ Қазақстанның сыртқы саудасында 2,4% үлеспен тоғызыншы орында тұр.

- Қазақстаннан АҚШ-қа экспорт 42,7%-ке қысқарып, 641,9 млн АҚШ долларын құрады. Экспорттың төмендеуіне шикі мұнай (65%-ке), ферроқорытпалар (40%-ке) және күміс (10%-ке) жеткізілімдерінің азаюы әсер етті. Дегенмен уран (+41,5%), бағалы металдардан жасалған зергерлік бұйымдар және тантал өнімдері (+87,3%) экспортының өсімі байқалды.

АҚШ-тан Қазақстанға импорт көлемі 6%-ке азайып, 1,25 млрд АҚШ долларын құрады. Жеңіл автомобильдер (-22,2%), авиациялық қозғалтқыштар (-42%), телефон аппараттары (-74,2%) және үй құсының еті (-60,1%) импортталуы қысқарды. Ал дәрілік заттар импорты 4 еседен астам өсіп, ұшу аппараттары жеткізілімі 88,7%-ке артты, - делінген ақпаратта.
Сауда балансы дәстүрлі түрде теріс мәнге ие. 2024 жылғы -208,4 млн АҚШ долларымен салыстырғанда 2025 жылдың қаңтар-шілде айларында тапшылық -607,5 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды.

Экономикалық зерттеулер институтының дерегінше, кейінгі он жылда екі ел арасындағы тауар айналымы тұрақты өсім көрсеткен. 2015 жылы 1,9 млрд АҚШ долларын құраса, 2024 жылы екі есеге өсіп, 4,2 млрд АҚШ долларына жеткен.

- Өсім Қазақстаннан экспорттың артуымен (2015 жылғы 0,43 млрд АҚШ долларынан 2024 жылы 1,97 млрд долларға дейін) және АҚШ-тан импорт көлемінің көбеюімен (2015 жылғы 1,47 млрд АҚШ долларынан 2024 жылы 2,24 млрд долларға дейін) қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, 2025 жылдың ІІ тоқсаны басындағы жағдай бойынша Қазақстан АҚШ-қа қатысты нетто-инвестор мәртебесіне ие. Қазақстанның АҚШ-қа портфельдік инвестициялары 48,7 млрд АҚШ долларын құраса, Қазақстан экономикасына АҚШ тарапынан 38,9 млрд АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестиция салынған. Оның 96,4%-і тау-кен өнеркәсібіне және кен орындарын игеруге бағытталды, - деп түсіндірген институт.
2005 жылдан бері Қазақстан экономикасына АҚШ-тан тікелей инвестициялардың жиынтық көлемі 51,8 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл АҚШ-ты Қазақстан экономикасындағы ірі инвесторлардың бірі ретінде көрсетеді.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы мен АҚШ инвестициялық банкі өкілінің кездесуіне қатысты министр пікір білдірді.

— Бүгінде Goldman Sachs әртүрлі деректер орталығын қаржыландыру құралдарын белсенді түрде пайдаланып жатыр. Олардың АҚШ-та осы салада көптеген жобалары бар. Сондықтан біз оларды өңіріміздегі цифрлық инфрақұрылымға инвестиция тарту үшін қалай пайдалануға болатынын зерттеп жатырмыз, — деді Жаслан Мәдиев.

Ұқсас материалдар