Halyk Bank-тің бастапқы нарыққа арналған серіктестік ипотекалар жұмыс істеп тұр, сондай-ақ банк екінші нарыққа да өтінім қабылдауды қайта бастады. Мөлшерлемесі ипотека мерзіміне байланысты 20–22,5%-ды құрайды.
Банк ЦентрКредит өткен аптадан бастап ипотеканы қайта ұсынған. Жаңартылған мөлшерлемелер 20–25% аралығында тұр.
Freedom Bank стандартты және каскадтық ипотека бойынша жүйені жаңартып жатыр. Жақын күндері сайт пен қосымшада жаңа мөлшерлеме жазылады. Қазіргі таңда «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы мен BI Group-пен серіктестік ипотека ғана дейн жұмыс істейді.
Altyn Bank тек бастапқы нарыққа арналған серіктестік бағдарламаларды ұсынып отыр, екінші нарыққа уақытша несие бермейді.
Нұрбанк пен Forte Bank ипотека беруді әлі жандандырған жоқ.
Дегенмен ұрынғыдай төмен пайыздық классикалық бағдарламалар азайып жатыр. Олардың орнына девелоперлермен серіктестік және аралас қаржыландыру тәсілдері сияқты жаңа құралдар келген. Солардың бірі – «ақшаны қосымша кепілге қою арқылы» берілетін ипотекалық өнім.
Банктер ипотека беруін неге тоқтатқан еді?Қазан айының басында Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 18%-ға көтергеннен кейін көптеген қаржы ұйымы кредит беруді уақытша тоқтатқан.
Сонымен қатар қараша айынан бастап ипотекалық кредиттер бойынша ең жоғары мөлшерлемені 25%-дан 20%-ға дейін шектеу жоспарланған болатын. Бұл банктер үшін, әсіресе қайталама нарықтағы тұрғын үйге несие беру тиімділігін төмендетті.
Алайда бұл талап 2026 жылдың шілдесіне дейін кейінге қалдырылды. Соның нәтижесінде банктер ипотекалық бағдарламаларын біртіндеп қайта іске қосып жатыр.





