Бізге жазылыңыз:

«Дружба» құбыры бойынша жеткізілім өзгеріп, мұнай баламалы бағыттарға ауысты

«Дружба» құбыры бойынша жеткізілім өзгеріп, мұнай баламалы бағыттарға ауысты
Биылғы жылғы мамыр айында «Дружба» мұнай құбыры жүйесі арқылы Германияға («Шведт» мұнай өңдеу зауыты) бағытталған транзит кестесі өзгертілді. Осыған байланысты 260 мың тонна экспортталатын мұнай көлемі жоспарлы түрде қайта бөлінеді. Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлім етті.
— Енді мұнай баламалы бағыттар арқылы жеткізіледі. Усть-Луга портынан 100 мың тонна, ал Каспий құбыр консорциумынан (КҚК) 160 мың тонна жөнелтіледі. Тасымалдау бағыттарын қайта құру жүк жөнелтушілермен келісілді және өндірістік қажеттілік болып табылады. Бұл өзгерістер мұнай өндірудің жылдық жоспарының орындалуына әсер етпейді. Қолданыстағы көлік инфрақұрылымы экспорттың тұрақтылығын қамтамасыз етіп, шикізатты әлемдік нарыққа үздіксіз жеткізуге мүмкіндік береді, — деді Энергетика министрлігінің ресми өкілі Әсел Серікпаева.

Ұқсас материалдар