Депутаттың айтуынша, қазіргі таңда дәрілік заттарды тіркеу рәсімі заң бойынша 210 күнге дейін созылады.
— Шынын айтар болсақ, бұл процесс жылдап созылып кетеді. Сондықтан тіркеу, сараптама жүргізу, шекті бағаны бекіту және ұлттық дәрілік формулярға енгізу мерзімдерін біріктіретін тек бір композиттік қызмет енгізуді ұсынып отырмыз. Бұл дәрілерді тіркеу мерзімін 210 күннен 100 күнге дейін қысқартуға жақсы мүмкіндік береді, — деді Асхат Аймағамбетов.
Сонымен қатар ол АҚШ, Еуропа сынды елдерді дәрілік заттарды тіркейтін ірі ұйымдар бар екенін атап өтті.
— Олар мақұлдаған жаңа препараттар үшін жеңілдетілген тіркеу рәсімі енгізіледі. Егер дәрі дамыған елде дәлелденген қауіпсіздік пен тиімділікке ие болса, онда ол біздің азаматтарға да уақытылы қолжетімді болуы тиіс. Бұл шешім қайтадан ұзақ рәсімдерді өткізбей-ақ қажет дәрілерді тіркеп, оларды сатып алуымызға жол ашады. Дәл осындай тәжірибе Кореяда, Әмірліктерде, басқа да дамыған басқа мемлекеттерді кеңінен қолданылады, — деді Асхат Аймағамбетов.





